Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жамбыл облысында есірткі өсірген күдікті ұсталды

Жамбыл облысында есірткі өсірген күдікті ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

«Қарасора – 2023» жедел-профилактикалық іс-шарасын жүргізу барысында Талас ауданының аумағында құрамында есірткі заты бар өсімдіктің егілгені анықталды. Жедел-іздестіру іс-шараларын Жамбыл облысы ҚР ІІМ ЕҚҚІД, ПД ЕҚҚІБ, ҰҰ «Бүркіт» АМЖ қызметкерлері «Теа» атты қызметтік-іздестіру итін қолдана отырып жүргізді.

Жүргізілген іс-шараның нәтижесінде 54 жастағы жергілікті тұрғынның үйінің бақшасында 22 келі 200 грамм өсірілген қарасора, сондай-ақ жалпы салмағы 138 грамм 500 мг болатын кептірілген марихуана табылып, тәркіленді.

– Ұсталған адам кінәсін толық мойындады. Қазіргі уақытта осы дерекке қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 300-бабы 2-бөлігі (Өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді егу немесе өсіру немесе сораның, көкнәрдің немесе құрамында есірткі заттары бар басқа да өсімдіктердің сұрыптарын өсіру) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды. Бұл бап үш жылдан сегіз жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді, – деді Жамбыл облысының полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Әлім Бажықбаев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру