Елордалық полицейлер бірнеше алаяқтыққа қатысы бар азаматты Өскеменде ұстады
Елордалық полицейлер бірнеше алаяқтыққа қатысы бар азаматты Өскеменде ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Астана қаласы ПД Сарыарқа аудандық ПБ-ның криминалдық полиция қызметкерлері Өскемен қаласы аумағында жүргізілген «Hi-tech» ЖПІШ барысында елордадағы бірнеше алаяқтыққа қатысы бар 21 жастағы азаматты ұстады.
Алаяқ «Яндекс-Такси» қолданбаларын пайдалану кезінде адамдардың сеніміне кіріп, елордалық тұрғындардың ақшасын иемденіп отырған. Өскемендік азамат астаналықтармен хабарласып, азық-түлік өнімдерін жеткізуге тапсырыс алып, абоненттік нөмірінің теңгерімін 15-20 мың теңгеге толтыруды сұрап, тапсырысты орындау бойынша барлық шығындарды өтейтінін айтқан. Қаражат теңгерімге аударылғаннан кейін жас жігіт алдаумен түсірген ақшасын банкоматтық картасына аударып алып, содан кейін байланысқа шықпаған.
Күдіктінің осыған ұқсас 10 эпизодқа қатысы бар екені дәлелденді.
Аталған фактілер бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Оның қала аумағында жасалған осыған ұқсас басқа да қылмысқа қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.