Ақтөбе облысының тұрғыны ұсақ бұзақылық жасағаны үшін қамауға алынды
Ақтөбе облысының 55 жастағы тұрғыны ұсақ бұзақылық үшін 8 тәулік мерзімге қамауға алынды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
20 тамызда Қандыағаш станциясындағы желілік полиция бөліміне белгісіз тұлғаның темір жол станциясы паркінде орналасқан бекеттің терезесін сындырып кеткені жайлы хабарлама келіп түсті.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында көлік полицейлері Ақтөбе облысының 55 жастағы тұрғынын анықтап, ұстады.
Құқық бұзушыға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабының 2-бөлігімен әкімшілік хаттама толтырылды.
Мұғалжар аудандық сотының шешімімен оған қатысты 8 тәулік мерзімге қамауға алу түріндегі жаза қолдану туралы қаулы шығарылды.