Ақтөбеде шетелдік көлігін есепке қоймақ болған азамат алаяқтың құрбаны болды
Ақтөбеде шетелдік көлігін есепке қоймақ болған азамат алаяқтың құрбаны болды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Полицияға Ақтөбе қаласының 33 жастағы тұрғыны арызданды. Жәбірленушінің айтуынша, ол Whatsapp қосымшасында чатында белгісіз адамның шетелдік көлік құралдарын есепке қоюға көмектесетіні туралы хабарландыруды тапқан.
Ер адам өзінің шетел есебінде тұрған Toyota Camri автокөлігін есепке қою үшін хабарландыру авторына 75 мың теңге жіберген. Біраз уақыттан кейін жәбірленуші алаяқтың құрбаны болғанын түсінген, өйткені жас жігіт телефонын сөндіріп, байланысқа шығуды тоқтатқан. Осыдан кейін ол полицияға жүгінген.
Полиция қызметкерлері осы дерекке қатысы бар деген күдікпен 23 жастағы жігітті анықтап, ұстады. Бұл факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.