Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қостанайлық патрульдік полицейлерге жанжалсыз мінез-құлық жайлы тренинг өткізілді

Қостанай облысында патрульдік полицейлерге жанжалсыз мінез-құлық жайлы тренинг өткізілді – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қостанай облысында патрульдік полицейлерге жанжалсыз мінез-құлық жайлы дағдылар оқытылды. Ол үшін тәжірибелі психологтар тренингтер өткізіп, қызметкерлерді жанжалды жағдайларды басқаруға үйретті.

ҚР ІІМ Шракбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының педагогика және психология кафедрасының аға оқытушысы Дана Кулкеева мұндай дағдыларды «адам-адам» типіндегі кәсіпте жұмыс істейтіндерге қалыптастыру қажет деп санайды.

 – Сабақ барысында қызметкерлерге қарым-қатынас парадигмасын өзгерту және сындарлы диалогқа баса назар аударуға көмектесетін кейстер ұсынылады, – деп атап өтті психолог.

 Мысалы, патрульдік полицейлер үшін жанжалды қарым-қатынас кезінде арнайы іс-қимыл алгоритмдері жасалды. Олардың барлығы қызметкерлердің планшетіне жүктелген. Бұл сондай жағдайлар туындаған кезде нұсқауларға сәйкес әрекет етуге көмектеседі.

Патрульдік полиция ротасының аға инспекторы Султан Нұрғалиев мұндай оқыту тәртіп сақшыларының кәсіби деңгейін арттыруға және бүгінгі күні эмоционалды интеллект санатына жататын психологиялық білім негіздерін алуға көмектесетінін атап өтті. Мұндағы басты критерийлер: эмоцияны басқару және басқалардың эмоцияларын тану.

Болашақта алынған білім ҚР ІІМ әзірлеп жатқан 2024-2028 жылдарға арналған қоғаммен серіктестікте қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету тұжырымдамасын іске асыру кезінде жақсы іргетас болады.

Құжатта полиция жұмысын трансформациялау шаралары бекітілген, бюрократиялық қоғамның сұраныстарын адамға бағытталған клиентке бағытталған модельге көшу.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру