Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбе облыстық ПД бастығы балаларды жаңа оқу жылымен құттықтады

Ақтөбе облыстық ПД бастығы балаларды жаңа оқу жылымен құттықтады. Сондай-ақ 26 тамыз күні Жеңіс даңғылында зейнеткердің төсқалтасынан құжаттар мен ақшаны ұрлап кеткен күдіктіні ұстауға көмектескен 11-сынып оқушыларын марапаттады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақтөбенің бас полицейі балаларды 1 қыркүйек – Білім күнімен құттықтады.

– Бұл – өмір бойы есте қалатын ең қызықты мерекелердің бірі. Зейіндеріңіз ашылсын. Болашақ білімді ұрпақтың қолында, – деді облыстық ПД бастығы Абай Жусупов.

Содан кейін Абай Жусупов қаскүнемді ұстауға көмектескен екі жоғары сынып оқушысына алғыс сөздерін жеткізді.

Естеріңізге сала кетейік, оқиға 26 тамыз күні Жеңіс даңғылында болған. Қылмыскер зейнеткердің төсқалтасынан құжаттар мен ақшаны ұрлап кеткен. Осы оқиғаның кездейсоқ куәгері болған №16 мектептің 11-сынып оқушылары біреудің қайғысына бейжай қарамай, “102” арнасына қоңырау шалып, полиция келгенге дейін қылмыскерді қуып жетіп, оны видеоға түсіріп, ұстауға тырысқан. Олардың қырағылығы мен батылдығының арқасында полиция қызметкерлері санаулы уақыт ішінде қылмыскерді қуып жетіп, ұстаған.

Абай Жусупов жасөспірімдерге батылдығы, біреудің қайғысына бейжай қарамаған мейірімділігі және қысылтаяң жағдайда уақытылы көмек көрсеткені үшін алғыс айтты.

Полиция қызметкерлері біреудің қасіретіне бейжай қарамайтын балаларды тәрбиелеген ата-аналар мен мұғалімдерге алғыстарын білдіре отырып, болашақта балалар тәртіп сақшыларының қатарын толықтыруы әбден мүмкін екенін де алға тартты.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру