Алматы облысында колония аумағына телефон лақтырмақ болған ер азаматтар ұсталды
Алматы қаласы, Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖД қарасты №14 мекеме аумағына тиым салынған заттарды лақтыруға тырысқан екі ер азамат ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Алматы қаласы, Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖД қарасты №14 мекеменің қызметкерлері, өткізілген іс-шара барысында, тыйым салынған заттардың аумаққа кіру фактісінің алдын алды.
Мекеме аумағына скотчпен оралған бес дана түйіншек лақтырмақ болған екі ер азамат ұсталды. Бес түйіншек ішінен, төрт ұялы телефон және алты дана сыдырма пакетте жасыл түсті өткір иісті белгісіз зат тәркіленді.
– Аталған факт бойынша Қонаев қаласының полиция бөлімінің жедел-тергеу тобы шақыртылды. Ұсталған азаматтарға қатысты сотқа дейінгі тергеу іс-амалдары басталды, – деп атап өтті мекеме бастығы Ұлан Арғынбаев.