Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Полицейлер қарағандылық тұрғынға ұрланған велосипедін қайтарып берді

Полицейлер қарағандылық тұрғынға ұрланған велосипедін қайтарып берді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қарағанды қалалық полиция басқармасына қарасты Октябрь полиция бөліміне 34 жастағы қала тұрғынынан арыз түсті. Жәбірленуші азаматша тәртіп сақшыларына белгісіз біреу көпқабатты үйінің дәлізінен велосипедін ұрлап кеткені туралы хабарлады.

Келтірілген шығын көлемі 55 мың теңгені құрады.

Криминалдық полиция қызметкерлері аталған қылмысты ашу бойынша жедел-іздестіру іс-шаралары барысында осы іске қатысы бар деген күдікпен 33 жастағы азаматты ұстады. Ол қылмысы туралы мойындау көрсетпе белгілерін беріп, айғақ зат тәркіленіп, иесіне қайтарылды.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы ҚК-нің 188-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Тәртіп сақшылары күдіктінің осыған ұқсас басқа да қылмысқа қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру