Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Талдықорған мектептерінің бірінде полицейлер есірткіге қарсы викторина өткізді

Талдықорған мектептерінің бірінде полицейлер есірткіге қарсы викторина өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жетісу полицейлері “Қос қанат” үкіметтік емес ұйыммен бірлесіп Талдықорған қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің жоғары сынып оқушыларымен есірткіге қарсы тақырыпта викторина өткізді. 

– Іс-шараның мақсаты – жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтардың алдын алу, жастардың белсенді өмірлік ұстанымын қалыптастыру, сондай-ақ есірткіден бас тарту және салауатты өмір салтын насихаттау. Адамды зеріктіріп жіберетін лекциялардың орнына викторина өткізуді жөн көрдік, оқушылар қойылған сұрақтарға жылдам әрі қысқаша жауап берді, – деп атап өтті Жетісу облысы ПД ЕҚҚІҚБ. 

Викторинаға 427 жоғары сынып оқушылары қатысты, оларға полиция қызметкерлері темекі шегудің, алкогольдік ішімдіктерді, есірткі, улы және басқа да қауіпті психотроптық заттардың зияны туралы айтып берді.

 Тәртіп сақшылары жасөспірімдерге қоғамдық орындарда есірткі пайдалану немесе мас күйінде болғаны үшін қарастырылған жауапкершілікті түсіндіріп, құқықтық жағына ерекше назар аударды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру