Ақтөбеде түзеу мекемесінің аумағына бизнес субъектілерін тарту мәселесі талқыланды
Ақтөбеде түзеу мекемесінің аумағына шағын және орта бизнес субъектілерін тарту мәселесі талқыланды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ақтөбеде №8 түзеу мекемесінің аумағына шағын және орта бизнес субъектілерін тарту арқылы мекемедегі жазасын өтеуші сотталғандар үшін қосымша жұмыс орындарын құру мәселелері тиісті органдармен бірлесіп талқыланды.
Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖД-ға қарасты №8 түзеу мекемесінде жазасын өтеп жатқан сотталғандарды жұмыспен қамту мақсатында, Ақтөбе облысы және Ақтөбе қаласы бойынша тіркелген кіші және орта бизнес субъектілер нысандарын №8 мекемесінің аймағына орналастырып, жаңа жұмыс орындарын ашу үшін түзеу мекемесінде “Ашық есік күні” іс-шарасы ұйымдастырылды.
Іс-шараға Ақтөбе облысы прокурорының бірінші орынбасары Қуандық Рахметов, Ақтөбе облысы прокурорының көмекшісі Кайрат Юсупов, Ақтөбе облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаменті бастығының орынбасары Нұрбек Кабдикаримов, ҚАЖД СЕҰТ-ның бас маманы Гүлнар Избагамбетова, Ақтөбе облысының кәсіпкерлер басқармасы бастығының міндетін атқарушы Айбек Айтжанов, “Ferrom” ЖШС директоры Мейрамгуль Файзулина, сондай-ақ “Fibc Kazakhstan” ЖШС директоры Ботагоз Тайбукенова қатысып, мекеме аймағынан өз кәсіптерін ашу мақсатында мекеменің өндірістік аймағындағы бос тұрған ғимараттарды қарады.
Айта кету керек, жыл басынан бастап өңірдегі 2 шағын орта бизнес субъектілері РМК “Еңбек- Жайық” филиалымен бірлесіп, түзеу мекемесінің аумағында өз кәсіптерін ашты. Қазіргі таңда №8 түзеу мекемесі аумағында 5 шағын орта бизнес субъектілері 126 сотталғанды ақылы жұмыспен қамтамасыз етіп отыр.
– Өз кәсіптерін ашу мақсатында жұмыстарын жүргізгісі келетін шағын және орта бизнес субъектілері мекеме аумағына келіп,
кәсіптерін дамытып жүргізулеріне толық мүмкіндіктер қарастырылған, – дейді №8 түзеу мекемесі бастығының жалпы сұрақтары бойынша және сотталғандардың еңбегін ұйымдастыру бойынша орынбасары Аскар Кубайдуллин.