Алматы полициясы пара берудің 5 дерегінің жолын кесті
Алматы полициясы пара берудің 5 дерегінің жолын кесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Үш пара беруші нақты мерзімге бас бостандығынан айырылды.
– Жыл басынан бері осы жоба аясында Алматы полициясы ондаған пара беру дерегін анықтап, лауазымды тұлғаға пара берудің бес әрекетінің жолын кесті. Тәжірибе көрсеткендей, жұмыстың бұл түрі және азаматтармен байланысу кезінде егжей-тегжейге назар аудару, жеке құрамды тәртіпке келтіріп қана қоймайды, сонымен қатар профилактикалық әсерге ие және азаматтардың жауапкершілік деңгейін арттырады, – деді Алматы қалалық ПД өзіндік қауіпсіздік басқармасының бастығы Ерік Жұмабай.
С.есімді азамат сотталғандардың арасында ағымдағы жылдың наурыз айында мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілетті тұлғаға қомақты мөлшерде пара беруге итермелеген.
23 маусымдағы Алматы қаласы бойынша қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен ҚР ҚК-нің 28-бабы 4-бөлігінде ( Басқа адамды азғыру, параға сатып алу, қорқыту жолымен немесе басқа да тәсілмен қылмыстық құқық бұзушылық жасауға көндiрген адам айдап салушы деп танылады) және ҚР ҚК-нің 367-бабы 4-бөлігінде (Осы баптың бірінші, екінші немесе үшінші бөліктерінде көзделген іс-әрекеттер, егер олар аса ірі мөлшерде жасалса немесе оларды қылмыстық топ жасаса) көзделген қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылды және 10 жылға бас бостандығынан айырылды.