Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Таразда полицейлер мен мәслихат депуттары ЖКО-ны алдын алу бойынша рейд өткізді

Таразда полицейлер мен мәслихат депуттары ЖКО-ны алдын алу бойынша рейд өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жамбыл облысында соңғы 8 айда 614 жол-көлік оқиғасы орын алып, оның ішінде 130 адам қаза тауып, 931 адам түрлі дәрежеде жарақат алды. Полиция қызметкерлері жүргізетін үздіксіз және күнделікті профилактикалық шараларға қарамастан, аймақ жолдарындағы жағдай күрделі.

Қала аумағындағы апаттылықты азайту, сондай-ақ жол қозғалысы ережелерін бұзушылықтардың жолын кесу мақсатында Тараз қаласы ПБ патрульдік полиция батальонының инспекторлары Тараз қалалық мәслихатының депутаттарымен бірлесіп рейдтік іс-шаралар өткізді.

 

Мәслихат өкілдері полицейлермен қатар жол қозғалысының барлық қатысушыларымен профилактикалық әңгімелер өткізді, жол қозғалыс ережелерін заң бұзушылықтарын анықтады. Жол қозғалысы ережелерін сақтаудың маңыздылығы туралы тақырыптық брошюралар таратты.

Жолдардағы жағдайға алаңдаған Жамбыл облысы ПД қызметкерлері тұрғындарға жолдардың қауіпсіз болуы үшін барша адамдарды ЖКО алдын алуға өз үлестерін қосуға шақырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру