Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбе облысында кәсіпкерлердің қойын заңсыз иемденген күдіктілер құрықталды

Ақтөбе облысында кәсіпкерлердің қойын заңсыз иемденген күдіктілер құрықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шілде-тамыз айларында Ақтөбедегі мал базарында шамамен 25-27 жас шамасындағы екі бейтаныс әйел адам сатушыларды алдау арқылы олардың сатуға ұсынылған бірнеше қойларын заңсыз иемденген.

Олар қойларды әрі қарай кәуапханаларға тапсыратынын және малдың ақшасын оларды өткізгеннен кейін беретінін айтып, мал базарында сатушылықпен айналысқан 3 кәсіпкерден жалпы саны 49 бас қой алған. Ұзақ уақыт бойы ақшасын да, малын да қайтарып ала алмаған кәсіпкерлер қыркүйек айында полицияға арызданды. Кәсіпкерлерге келтірілген шығынның жалпы көлемі бір жарым миллион теңгені құрады.

Жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында полиция қызметкерлері күдіктілерді анықтап, ұстады. Олар 25 және 26 жастағы ақтөбеліктер болып шықты. Күдіктілер кінәсін мойындады.
Алаяқтың дерегі бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабының 3-бөлігі (Алаяқтық) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру