Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбе облысының мұнай кен орындарында Қытай азаматтары заңсыз жұмыс жасаған

Ақтөбе облысының мұнай кен орындарында Қытай азаматтары заңсыз жұмыс жасаған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақтөбе облысы Темір ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері тексеру жұмыстарын жүргізу барысында аудан аумағында, мұнай компанияларында тиісті рұқсат құжаттарынсыз еңбек қызметін заңсыз жүзеге асырған 4 шетел азаматын анықтады. Қытай азаматтары мұнай кен орындарында құрылыс жұмыстарын жүзеге асырған.

Бұл факті бойынша аталған шетелдіктерге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабы 5-бөлігімен (Шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының халықтың көші-қон саласындағы заңнамасын бұзуы) әкімшілік хаттамалар толтырылып, аудандық соттың қаулысымен оларды Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығарып жіберу түріндегі әкімшілік жаза тағайындалды.

Сондай-ақ, жергілікті атқарушы органның рұқсатынсыз шетелдік жұмыс күшін тартқаны үшін жұмыс берушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 519-бабы (Шетелдiк жұмыс күшiн және еңбекшi көшiп келушілерді Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып тарту) бойынша әкімшілік хаттама жасақталатын болады

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру