Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Елордада туысының алтын білезігін ұрлаған азамат анықталды

Елордада туысының алтын білезігін ұрлаған азамат анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полицияға қала тұрғыны жүгініп, үйінен құны 1,2 млн теңге болатын алтын білезігінің ұрланғанын айтқан. Алматы ауданы ПБ криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде ұрлық жасады деген күдікпен 27 жастағы елордалық азаматты анықтады.

Тергеу барысында ер адам жәбірленушінің туысы екені белгілі болды. Жәбірленушінің анасы қайтыс болуына байланысты ас беріліп жатқан кезді пайдаланып, қаскүнем жатын бөлмеден алтын білезікті жасырын алып кеткен. Кейін ұрланған зергерлік бұйымды арзан бағаға ломбардқа өткізген.

Аталған фактіге қатысты ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Ер адам кінәсін мойындады, оның елорда аумағында бұрын жасалған осыған ұқсас басқа да қылмысқа қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру