Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар полицейлері балалардың түнгі уақытта үйден тыс жерде жүруінің 125 фактісін тіркеді

Павлодар полицейлері балалардың түнгі уақытта үйден тыс жерде жүруінің 125 фактісін тіркеді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Павлодар облысының аумағында 22-24 қыркүйек аралығында “Жасөспірім” республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді.

Негізгі мақсаты – жасөспірімдер қылмысының алдын алу және ескерту бойынша жұмысты күшейту, білім беру ұйымдарының оқушылары арасындағы құқық бұзушылықтардың жолын кесу, кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтарды анықтау, олардың құқықтық сауаттылығын арттыру, сондай-ақ балаларға қатысты қылмыстық қолсұғушылықтардың алдын алу.

Полиция рейдтік іс-шара жүргізу барысында кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп- жүруінсіз көшеде түнгі уақытта болуының 125 фактісі анықталды.

– Ата-аналар, жасөспірімдер тек сағат 23:00-ге дейін, ал ойын-сауық орындарында сағат 22:00-ге дейін жалғыз жүре алатынын ұмытпауы керек. Жасөспірімдердің түнгі серуені ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін, өйткені түнде көшеде болғаннан кейін кәмелетке толмаған адам қылмыстың объектісіне немесе субъектісіне айналуы мүмкін, – дейді полиция қызметкерлері.

Сонымен қатар, 38 ата-ана бала тәрбиесі бойынша міндеттерін орындамағаны үшін жауапқа тартылды. Кәмелетке толмағандардың бұзақылық жасауының 7 фактісі және кәмелетке толмағандардың алкогольдік ішімдіктерді ішуінің 6 фактісі анықталды.

Железин ауданының полицейлері тұрғылықты жері бойынша жасөспірімдердің отбасын тексерді, тексеру барысында бір отбасында балалардың анасы бес баланы тәрбиелеумен айналыспай, алкогольді ішімдік ішетіні анықталды. Бұл отбасы қазірдің өзінде полицияда есепте тұр.

– Анасы ҚР ӘҚБтК-нің 127-бабы (Кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу және (немесе) оған білім беру, оның құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі міндеттерді орындамау) бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Тексеру нәтижелері кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссияда қаралды, онда балаларды мемлекеттік мекемеге уақытша жіберу туралы шешім қабылданды. Сондай-ақ ананың маскүнемдігінен мәжбүрлеп емдеу мәселесі шешіліп жатыр, – деп хабарлады Павлодар облысының полиция департаменті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру