Ақтөбе облысы ПД бастығының бірінші орынбасары тағайындалды
Ақтөбе облысы ПД бастығының бірінші орынбасары тағайындалды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қазақстан Республикасы ішкі істер министрінің бұйрығымен Ақтөбе облысы полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары лауазымына Саймағамбетов Ардана Мұратұлы тағайындалды. Жаңа орынбасарды жеке құрамға полиция департаментінің бастығы Абай Жусупов таныстырды.
Ардана Саймағамбетов ішкі істер органдарында 2004 жылдан бері қызмет етеді.
Қызмет жолын Мұғалжар ауданы полиция бөлімінде учаскелік полиция инспекторының көмекшісі болып бастап, облыста әртүрлі басшылық лауазымдарда жұмыс жасады. Осы уақытқа дейін Қостанай облысы полиция департаменті бастығының орынбасары лауазымын атқарды.
Департамент бастығының бірінші орынбасары жергілікті және әкімшілік полиция, көші-қон қызметі, патрульдік полиция, күзет қызметін бақылау мәселелеріне жетекшілік ететін болады.