Семейлік полицейлер тұрғынның көлігін ұрлап кеткен азаматты құрықтады
Семейлік полицейлер тұрғынның көлігін ұрлап кеткен азаматты құрықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Семей қаласының полиция басқармасына облыс орталығының 38 жастағы тұрғыны хабарласып, белгісіз адам Юность шағын ауданының ауласында тұрған ВАЗ-2199 көлігін ұрлап кеткенін хабарлады. Шығын сомасы – 500 000 теңге.
Дереу облыс орталығында «Ұстау» жоспары жарияланды.
Сергек АБК көмегімен полицейлер ұрланған көлік құралының қозғалатын орнын белгілей алды.
Қылмыс жасады деген күдікпен мас күйінде 37 жастағы азамат ұсталды. Ер адам өзінің кінәсін мойындады.
Бұл факт ҚР ҚК-нің 200-бабы (Автомобильдi немесе өзге де көлiк құралын жымқыру мақсатынсыз құқыққа сыйымсыз иеленіп алу) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Ұрланған көлік тұраққа қойылды және тергеу әрекеттері аяқталғаннан кейін заңды иесіне қайтарылады.