Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы полициясы Тәжікстаннан келген әйелге құжаттарын қалпына келтіруге көмектесті

Алматы полициясы Тәжікстаннан келген әйелге құжаттарын қалпына келтіруге көмектесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы полициясы 68 жастағы Любовь Анның қиын тағдырын осыдан бір ай бұрын әйел көмек сұраған кезде білген.

– Л.Анның айтуынша, ол 1996 жылы отбасымен әпкесімен тұру үшін Тәжікстаннан көшіп келген. Содан кейін күйеуі қайтыс болды. Күнделікті жұмыстың қамымен жүріп азаматша елде болуды заңды түрде рәсімдемеген. Бір кезде Любовь Чановна құжаттарын жоғалтып алды. 25 жыл бойы кездейсоқ шыққан жұмыстарды істеп, балаларымен жалдамалы пәтерлерде тұрды. Әйел адам осы жылдың тамыз айында бізге кеңес алу үшін келді – және дұрыс жасады. ҚР ІІМ 2020 жылғы 1 қыркүйектегі № 607 бұйрығы негізінде азаматтығы жоқ адам мәртебесін бердік. Келесі кезеңде Л.Ан азаматшаға Қазақстан Республикасының азаматы атағын алу жоспарлануда, – деді Алматы қалалық ПД көші-қон қызметі басқармасының бастығы Асхат Бутунчинов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру