Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордада сотталған азаматтар туыстарымен қауышты

Қызылорда облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №37 мекемесінде сотталғандардың туыстары үшін ашық есік күні ұйымдастырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қазіргі уақытта №37 мекемеде 150-ден астам сотталған жазасын өтеп жатыр. Олардың арасында әйелдер де бар. Ашық есік күніне бірнеше өңірден (Ақтөбе, Шымкент, Қызылорда қаласы) сотталғанның туыстары келді. Оларға сотталғандардың жатын орындары, асхана, кітапханаға экскурсия ұйымдастырылды. Жазасын өтеушілердің бірінің әйелі, бірінің ағасы, енді бірінің ата-анасы келді.

– Бүгін маған апам келді. Біз бір-бірімізді көрмегенімізге 2 жылдай уақыт болды. Күнделікті телефонмен сөйлесіп тұрғанымызбен бетпе-бет жүздескенге ештеңе жетпейді екен. Апамды көріп көз жасымды тия алмай тұрмын. Жаза басып жаңылып, 5 жылға бас бостандығымнан айырылдым. Жазамның 2 жылын ғана өтедім. Өкінемін, отбасыңмен бірге болудың нағыз бақыт екенін енді түсінгендеймін. Бүгінгі іс-шараны ұйымдастырғаны үшін мекеме әкімшілігіне алғысымды білдіргім келеді, – деді сотталған.

– Бүгінгі кездесуге жолдасыма келіп тұрмын. Немересін де ала келдім. Атасы немересін сағынып қалыпты. Ата деп жүгіргенде менің де көзіме жас келді. Жолдасым абайсызда жол-көлік оқиғасын жасаған. Бүгінгі кездесуді ұйымдастырған мекеме әкімшілігіне алғысымыз шексіз, – деді сотталғанның жұбайы.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру