Елордалық тұрғын мас күйде полиция қызметкеріне шабуыл жасаған
Елордалық тұрғын мас күйде полиция қызметкеріне шабуыл жасаған, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Оқиға 1 қазанға қараған түні қаладағы кафелердің бірінде болған. Қоғамдық тәртіпті бұзу туралы дабыл қоңырауы полиция күштерін жедел басқару орталығына түсті. Аталған жайт бойынша сол ауданға қарасты кезекші учаскелік полиция инспекторы ЖБО офицері оқиға орнына жіберілді.
Кафе ішінен полиция қызметкері екі мас әйелді анықтаған. Олар кафе қонақтарымен, сондай-ақ сол жердегі қызметкерлермен сөзге келіп қалған. Полицейдің тәртіпсіздікті тоқтату туралы барлық үндеулеріне құлақ аспай, кафені босатудан бас тартқан.
Салдарынан тәртіп сақшысының біреуі дене жарақатын алды. Мас күйде болған екі әйелге медициналық сараптама жүргізу үшін, қоғамдық тәртіпті бұзушылардың екеуі де полиция көлігіне отырғызылды. Олардың бірі көлікте «102» арнасына қоңырау шалып, полиция қызметкерлері оны кафеден негізсіз алып кеткенін хабарлаған. Бұл өтініш тіркелді және қазіргі уақытта осы факт бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.
Қазіргі уақытта анықтау бөлімі екі әйелдің үстінен, полицейдің қызметтік міндеттерін орындау кезінде оны қорлау және оған шабуыл жасау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр.
Айта кету керек, бұған дейін екі әйел де құқық бұзушылық үшін жауапқа тартылған болатын. Бірі – автокөлікті мас күйде басқарғаны үшін, екіншісі – қоғамдық орындарда мас күйде болған.