Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмола полицейлері аймақ басшысына және ІІМ басшылығына бұзушылықтарды тіркеудің жетілдірілген автоматты жүйелерімен таныстырды

Ақмола полицейлері аймақ басшысына және ІІМ басшылығына бұзушылықтарды тіркеудің жетілдірілген автоматты жүйелерімен таныстырды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2 қазанда Ақмола облысының полиция департаментіне жұмыс сапарымен өңір басшысы Марат Ахметжанов пен ішкі істер министрінің орынбасары Қайрат Сөнтаев келді. Құқық қорғау органдары қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігі бұзушылықтарын анықтау және жолын кесу үшін жаңа жетілдірілген аппараттық-бағдарламалық кешендерді ұсынды. Жылжымалы кешендердің тұсаукесері департаменттің бас әкімшілік ғимаратының алаңында өтті.

Мысалы, қызметтік автокөлікке орнатылған “Автоураган-МС” кешені көлік құралының айналасындағы барлық кеңістікті автоматты түрде фотовидеофиксациялайды. Полиция департаментінің бастығы Нұрсұлтан Мұқашевтің айтуынша, бұл кешенді полицейлер үш күн бойы сынап көрген. Осындай қысқа мерзім ішінде кешеннің көмегімен 1844 ЖҚЕ бұзушылықтың жолын кесіп, іздеуде жүрген 275 көлік анықталды. Жүйенің ерекшелігі – бұзушылықтарды панорамалық тіркеу, яғни аппарат патрульдік көліктің артында жасалған бұзушылықтарды да “көреді”.

Тағы бір жаңалық: жылдамдық режимін, ақылы тұрақ пен “ПаркРайт-С” ЖҚЕ бұзушылықтарын бақылаудың аппараттық-бағдарламалық кешені. Жүйе автоматты режимде қарсы және ілеспе ағынның жылдамдық режимінің бұзылуын анықтайды, тәуліктің түнгі уақытында бұзушылықтарды тіркеуге мүмкіндігі бар, ал бұзушылықтарды қамту ені төрт жолақты құрайды.

Сонымен қатар бұл кешенді радиолокациялық детекторлар анықтамайды, бұл көлік жүргізушілерінің қырағылығы мен ережелерін одан әрі арттырады. “ЕkinPatrol G2” жүйесін 2021 жылдың қараша айынан бастап Ақмола полицейлері қызметте қолданып келеді. Пайдалану кезеңінде жылжымалы кешен полицейлерге 23 500-ден астам жол қауіпсіздігін бұзушылықты анықтауға және жолын кесуге көмектесті. Полиция автоматты жүйелерді пайдалану сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмайтынын атап өтті: мәліметтерді қалыптастыру және беру процестері толығымен автоматтандырылған.

Жұмыс сапары департаменттің мәжіліс залында жалғасты. Жұмыс кеңесі барысында ішкі істер министрінің орынбасары Қайрат Сөнтаев ведомствоның жаңа басшысы – бұрын департамент бастығының орынбасары қызметін атқарған полиция полковнигі Нұрсұлтан Мұқашевті жеке құрамға таныстырды. Полиция қызметкерлеріне арнаған сөзінде өңір басшысы Марат Ахметжанов құқық қорғау органдарының алдына қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтарға “нөлдік төзімділік” қағидатын қалыптастыру жөнінде нақты талаптар қойды, сондай-ақ аймақ полициясы бұдан әрі де жергілікті атқарушы органдардың материалдық-техникалық қамтамасыз етуді және әлеуметтік жағдайларды жетілдіруде қолдауын сезінетініне сендірді.

Марат Ахметжановтың айтуынша, елордалық өңірлерге, сондай-ақ Көкшетау, Степногорск және Қосшы қалаларына ерекше назар аударылады. Бұл, ең алдымен, цифрландыру процестерін, бейнебақылау жүйесін енгізу, учаскелік полиция пункттерін ашу. Жұмыс сапарының соңында полиция департаментінің бастығы Нұрсұлтан Мұқашев аймақ басшысын, сондай-ақ ІІМ басшылығын жеке құрамның алға қойған мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізетіндеріне сендірді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру