Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысының полицейлері 215 мыңнан астам тұрғын үй-жайларды аралады

Павлодар облысының полицейлері 215 мыңнан астам тұрғын үй-жайларды аралады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Халыққа сервистік қызмет көрсету, проблемалық бағдарланған тәсіл мақсатында «Учаске» жедел алдын алу іс-шарасы шеңберінде Павлодар полицейлері 215 мыңнан астам тұрғын үй-жайларды аралап өтті.

– Мысалы, учаскелік инспектор 2023 жылғы қаңтарда шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адам тарапынан заң бұзушылықты анықтады. Бұл азамат осы жылы бес рет әкімшілік жауапкершілікке тартылды: қоғамдық жерде алкогольдік ішімдіктерді ішкені үшін екі рет және ұсақ бұзақылық үшін үш рет. Бұл ретте тұрғылықты жері бойынша тексеру кезінде болмаған. Учаскелік соттың өтініші бойынша павлодарлыққа өтелмеген жаза мерзімі ауыстырылды. Енді қалған 9 ай 16 күнді ер адам бас бостандығынан айыру орындарында өтейтін болады, – дейді Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Басқа жағдайда, әкімшілік бақылаудағы 34 жастағы азамат тұрғылықты жерін тексеру кезінде үйде болмаған. Учаскелік инспектор қадағалаушыны әкімшілік жауапкершілікке тартты, сот 1 тәулік мерзімге қамауға алды.

– Мұндай аралау учаскелік учаскелерге бекітілген әкімшілік учаске бойынша жедел ақпаратты иеленуге мүмкіндік береді. Бұл пәтерлерде кім тұрады, қандай пәтерлер, үйлер және кімге жалға беріледі. Жүргізілген жұмыс қорытындысы бойынша учаскелік полиция инспекторларымен 428 жалдамалы пәтер анықталды, олар бойынша Мемлекеттік кірістер департаментіне сауалнамалар жолданды,- дейді департаменттің баспасөз қызметі.

Тәртіп сақшылары іс-шара аясында 6 мыңнан астам құқық бұзушылықтың, оның ішінде көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 1737 құқық бұзушылықтың жолын кесілгенін нақтылады. Тұрғылықты жері бойынша полиция есебінде тұрған 19 мыңға жуық адам тексерілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру