Жамбыл облысының полицейлері еріктілерге кинология орталығына экскурсия ұйымдастырды
Жамбыл облысының полицейлері еріктілерге кинология орталығына экскурсия ұйымдастырды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Облыстық полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы басшылығының бастамасымен Тараз қаласының еріктілері үшін ПД кинологиялық орталығына экскурсия ұйымдастырылды.
Іс-шара 2023-2025 жылдарға арналған есірткі бизнесі мен нашақорлыққа қарсы күрестің кешенді жоспары аясында қалалық жастар ресурстық орталығымен бірлесіп өткізілді. Еріктілер төртаяқты көмекшілердің қылмыспен күресуге қалай көмектесетіні, оларды күтіп-ұстау жағдайлары туралы айтты.
Қызметтік иттер жарылғыш заттарды, есірткі құралдарын, хабар-ошарсыз кеткен азаматтарды іздеуге маманданған. Бава және Лоя атты қызметтік иттері есірткі іздеудегі дағдыларын көрсетті.
Экскурсия барысында полицейлер «Есірткісіз болашақ» тақырыбында дәріс өткізді.
Жамбыл облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы бастығының орынбасары Дінмұхамбет Қойториев мұндай іс-шаралар есірткіге қарсы тәрбие және жастардың салауатты өмір салтын қалыптастыру шеңберінде жүргізіліп жатқанын атап өтті.