Жетісу облысында полицейлерге тіл тигізіп, балағаттау бойынша 10 факті тіркелді
Жетісу облысында осы жылы полицейлерге тіл тигізіп, балағаттау бойынша 10 факті тіркелді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Биыл облыста қызметтік міндеттерін атқару кезінде тәртіп сақшыларын балағаттау бойынша 10 факті тіркелген. Оның 9-ына қатысты сот үкімі шықты. Соңғы оқиғаның бірі Кербұлақ ауданында болды, онда жергілікті тұрғындардың бірі мас күйінде учаскелік полиция инспекторын балағаттаған.
– Ер адам қоғамдық орында алкогольдік ішімдік ішіп, мас күйінде ұсталған. Ауызша кикілжің кезінде ол полиция қызметкеріне дөрекілік танытып, балағат сөздер айтқан, сол үшін жазаға тартылды. Сот шешімімен оған ірі көлемде (103 500 теңге) айыппұл салынды, – деді Жетісу облысы ПД ӨҚБ.
Өзіндік қауіпсіздік басқармасы азаматтардың құқық қорғау жүйесіне құрметпен қарауды қалыптастыру мақсатында полиция қызметкерлерін балағаттау, бағынбау, қорқыту немесе күш қолдану фактілерінің әрқайсысы бойынша тергеу жұмыстары ерекше бақылауға алынғанын атап өтті.