Қызылордалық полицейлер тағы бір мәрте мықтылықтарын дәлелдеді
4-9 қазаны аралығында Қазақстан Республикасы практикалық ату қауымдастығының ұйымдастыруымен тапанша атудан республика чемпионаты өтті. Бұл спорт түрі елімізде кеңінен таралып келеді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Алматы қаласында өткен тартысты бәсекеде республиканың түпкір түпкірінен келген мықты мергендер сынға түсті. Сайыс нәтижесі бойынша Қызылорда облысы полиция департаментінің өкілі Болатбек Нұрғожин жүлделі 2 орынды, әйелдер арасында Лаура Төлекова 2 орынды және Бақыткүл Самратова 3 орынды иеленді.
Жеке сынақ бойынша жарысқа қатысқан департаменттің қызметкерлері Ержан Ахметов, Досбек Манасбек уулу, Ақжігіт Тілеп және Дариға Мажитова қола жүлдегерлер атанды.
Бұл ату полицейлер үшін өте пайдалы, өйткені жылдамдықты, аз уақытта нысанаға дәл тигізіп, оқжатарды қайта қуаттау қасиеттерін ұштайтын спорт түрі.