Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жылқы етін алаяқтық жолмен иемденген астаналық тұрғын құрықталды

Жылқы етін алаяқтық жолмен иемденген астаналық тұрғын құрықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Елордалық полицияға ет өнімдерін сатумен айналысатын кәсіпкер арызбен жүгініп, алаяқтық әрекеттердің құрбаны болғанын хабарлаған. Жәбірленушінің айтуынша, белгісіз бір әйел Бөгенбай батыр даңғылындағы сауда орталығында 2 млн астам теңгеге тауар алып, ақшасын төлемей, алдап кеткен.

Байқоңыр ауданы ПБ қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында алаяқтық жасады деген күдікпен 28 жастағы қала тұрғынын анықтады. Тергеу барысында анықталғандай, өзін қаланың бірнеше мейрамханасында әкімші болып жұмыс істеймін деп таныстырған әйел жәбірленушіден бірнеше рет ет сатып алған. Осылайша сатушының сеніміне кірген күдікті кезекті іс-шараға ет керек деген сылтаумен 3 жылқы етіне тапсырыс берген. Қаскүнем ақшасын ертен әкеліп беремін деген уәдемен тапсырысын алып кетіп, келесі күні әртүрлі сылтаулар айтып, уәдесін орындамай, хабарсыз кеткен. Алаяққа алданып қалғанын түсінген жәбірленуші полицияға жүгінген.

Аталған фактіге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Әйелдің елорда аумағында жасалған осыған ұқсас басқа да қылмысқа қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру