Астанада полицейлер жүк көліктерінен автокөлік бөлшектерін ұрлау фактісін ашты
Астанада полицейлер жүк көліктерінен автокөлік бөлшектерін ұрлау фактісін ашты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жедел іздестіру іс-шаралары барысында Алматы аудандық полиция басқармасының қызметкерлері жүк көліктерінен үш рет қосалқы бөлшектерді ұрлауға қатысы бар 46 жастағы Астана тұрғынын анықтады.
Атап айтқанда Hyundai HD 120 манипуляторының иесі полицияға хабарласып, құны 152 мың теңге тұратын екі Цепной паук, тросының ұрланғанын хабарлаған. Тағы бір жағдайда автокөлік ұрысы манипулятордың кабелін ұрлап, 100 мың теңге көлемінде шығын келтірген. Сонымен қатар түнгі уақытта ер адам КАМаз көлігінің салонына кіріп, домкратты алып кеткені де белгілі болған.
Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабымен (Ұрлық) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Айғақты заттар алынды. Ұрлық жасағанын мойындаған азаматтың астанада бұрын жасалған осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталып жатыр.