Алматыда елде болу мерзімі аяқталған Нигерия азаматтары анықталды
Алматыда елде болу мерзімі аяқталған Нигерия азаматтары анықталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Полиция мен қалалық ҰҚКД қызметкерлері Алматының Алмалы ауданында орналасқан хостелдердің бірінде 14 Нигерия азаматын анықтады.
Шетелдіктердің Қазақстан Республикасының аумағында болу мерзімдері өткені белгілі болды.
- Қабылданған шаралардың нәтижесінде ҚР-дан шығудан жалтарғаны үшін 12 шетелдік азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылса, тағы 2 шетелдік ПД-ның қабылдап таратуына орналастырылды. Қазіргі уақытта қабылдаушы жеке және заңды адамдарды анықтау бойынша тиісті шаралар жүргізіліп жатыр, - деді Алматы қалалық ПД көші-қон қызметі басқармасының бастығы Асхат Бутунчинов.