Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбеде ер адам манекендегі күртешені киіп кеткен

Ақтөбеде ер адам манекендегі күртешені киіп, орнына өзінің ескі күртешесін қалдырып кеткен, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Дүкен сатушысының айтуынша Уәлиханов көшесі бойындағы сауда үйінде сатып алушылардың бірі манекеннен қысқы күртешені шешіп алып, орнына ескі күртешесін кигізіп кеткен. Келтірілген шығын сомасы 60 мың теңгені құрады.

 

Куртканы ұрлау сәті сыртқы бақылау камерасының объективіне түскен. Дәл осы жазба бойынша тәртіп сақшылары күдіктіні ұстауға бағытталды. Ұсталған адамға қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр, оны Ақтөбе аумағында осындай қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.

Заттың ұрлануын бірден байқамаған, тек қауіпсіздік камераларын көргеннен кейін байқаған.
Жедел іздестіру іс-шаралары барысында 35 жастағы жергілікті тұрғын ұсталды.

Аталған фактіге ҚР ҚК-нің 188-бабы, 1-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Ұсталған адамның осындай қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріледі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру