Астана полицейлері тұрғынға жүргізуші куәлігін жасауға уәде берген алаяқты анықтады
Астана полицейлері тұрғынға жүргізуші куәлігін жасауға уәде берген алаяқты анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Полицияға қаланың екі тұрғыны жүгініп, белгісіз адамдар жүргізуші куәлігін жасауға жәрдемдесемін деген сылтаумен ақшаларын иемденгенін хабарлаған.
Бір жағдайда, 23 жастағы жас жігіт өз қызметін ұсынып, астаналық әйелден 150 мың теңге алған. Ер адам жүргізуші куәлігін алу үшін көмегін ұсынып, ол үшін ақша сұраған. Жәбірленушінің айтуынша, ол хабарландыруды әлеуметтік желілерден тапқан.
Басқа жағдайда, алаяқ тағы бір елорда тұрғынының сеніміне кіріп, 200 мың теңгесін иемденген. Қолма-қол ақша алғаннан кейін ол телефон қоңырауларына жауап беруді тоқтатқан.
Сарыарқа ауданының ПБ криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде күдіктіні Қарағанды қаласынан анықтады. Ол мойындау көрсетпелерін берді, басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр. Қазіргі уақытта ол алаяқтықтың төрт эпизодын жасады деп күдіктеліп отыр.
Аталған фактілер бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.