Астаналық полицейлер ұрлықтың бірнеше дерегін ашты
Астаналық полицейлер ұрлықтың бірнеше дерегін ашты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Астана қаласы ПД Нұра ауданы полиция басқармасының қызметкерлері пәтер ұрлығын жасады деген күдікті қолға түсті.
Тергеу барысында полицейлер бұрын сотталған 28 жастағы ер адамның күндізгі уақытта жеке үйге кіріп, зергерлік бұйымдарды алып кеткенін анықтады. Күдікті жақын маңдағы үйде құрылыс жұмыстарын жүргізіп жатып, көрші үйдің иесі таңертең ерте кетіп бара жатқанда үйдің кілттерін аулада тұрған балалар арбасының астында қалдырғанын бірнеше рет байқайды. Сол сәтті пайдаланып ер адам кілттерді алып, үйге кірген. Қомақты сома тұратын алтын сақиналарды, сырғаларды және басқа да зергерлік бұйымдарды иемденіп, есікті жауып кетіп қалған.
Ер адам мойындау көрсетпелерін берді, сондай-ақ ұрланған әшекейлерді елордалық ломбардтарға өткізгенін айтты. Полиция қызметкерлері зергерлік бұйымдарды тәркілеп, иелеріне қайтарып берді.
Ұрлықтың тағы бір дерегі бойынша Байқоңыр аудандық полиция басқармасына қала тұрғыны арызданып, оның алтыншы қабатта пәтерінің жанында тұрған екі дөңгелектi көлігін белгісіз біреу ұрлап кеткендігі туралы айтты.
Trinx велосипедінің құны 140 мың теңгені құраған. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысынында криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері 31 жасар қала тұрғынын қолға түсірді. Белгілі болғаны ол бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылған.
– Көлік құралын қараусыз қалдырмаңыз және сапалы құлыпты сатып алыңыз – бұл велосипед ұрлығын болдырмаудың екі негізгі шарты. Ұрлық күн сайын болады, өйткені велосипед оңай шешіледі, содан кейін көпшілік арасында жоғалып кетеді және оны жүргізу үшін ешқандай құжат қажет емес. Кейде ұрыларға домофон да кедергі болмайды. Тұрғындар велосипедтерін кіреберісте қалдырып кетеді, – дейді Байқоңыр ауданы криминалдық полиция басқармасының бастығы Мадияр Омаров.
Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде елорданың 26 жастағы тұрғынын анықтады. Тергеу барысында ер адам супермаркетте болған кезде 17 дана Merci шоколадын ұрлап кеткені анықталды. Ер адам төлем жасамай, кассадан өтіп, супермаркеттен шығып кеткен.
Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Ер адам Астана қаласы ПД уақытқа ұстау изоляторына қамалды.
– Бұл шоколадтың ұрылар арасында соншалықты танымал болуының себебін осылай түсіндіруге болады, мысалы, жұқа қорапты киімнің астына жасыру оңай. Сонымен қатар, бұл өнім бағасы жоғары болғанына қарамастан, жоғары сұранысқа ие, сондықтан оны дүкенге қарағанда төмен бағамен сату оңай. Мұнда жас жігіт күзет назарын аудармас үшін өзімен бірге фольга алып келіп, шоколадты соған орап алып шыққан», – дейді ББайқоңыр ауданы криминалдық полиция бөлімінің бастығы Мадияр Омаров.
Ұрлық фактісі бейнебақылау камераларына түсіп қалған.
Кінәлі тұлғаларға қатысты ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Осыған ұқсас бұрын жасалған басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.