Астаналық азамат екі күнде үш велосипед ұрлады
Астаналық азамат екі күнде үш велосипед ұрлады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қала тұрғыны полицияға арызбен жүгініп, үйдің кіреберісінен велосипедін ұрлап кеткенін хабарлаған. Сондай-ақ қараусыз қалған велосипедтері ұрланған тағы екі тұрғын полицияға арызбен жүгінген.
Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу нәтижесінде Алматы ауданы ПБ криминалдық полиция қызметкерлері аталған қылмысты жасады деген күдікпен қаланың 26 жастағы тұрғынын анықтады.
Аталған фактіге қатысты ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп, ер адам мойындау көрсетпелерін берді, оның елорда аумағында жасалған басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексеріліп жатыр.