Маңғыстауда құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысы өткізілді
Маңғыстауда құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысы өткізілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
14 қараша күні Маңғыстау облысы әкімдігінің ғимаратында облыс әкімінің бірінші орынбасары Ж.Қарағаевтың төрағалығымен құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының отырысы өткізілді.
Аталмыш шараға жергілікті құқық қорғау органдары өкілдері, соның ішінде полиция тарапынан Маңғыстау облысы ПД бастығының орынбасары Б.Исаев және есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы бастығы Ж.Жаримбетов, ПД ЖПҚБ бастығының орынбасары А.Утешов қатысты.
Шара барысында үш тақырып бойынша мәселелер қаралды. “Полицияның сервистік” жобасын іске асыру барысында туындаған қоғамдағы проблемалық мәселелер жайында сөз қозғалды. Сонымен қатар есірткі қылмысымен күрес және нашақорлықтың алдын алу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы да айтылды.
Бұдан бөлек, қала және аудан әкімдіктері жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссиялардың жұмысы жайлы баяндалды.