Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбе облысында мас жүргізуші 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін

Ақтөбе облысында мас жүргізуші 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін, – деп хабарлайды Polisia.kz.

“Құқықтық тәртіп”  жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында 21 қарашада Ақтөбе – Орынбор автожолында патрульдеу жүргізу кезінде патрульдік полиция тобының қызметкерлері облыс орталығының 33 жастағы тұрғынының басқаруындағы Ваз-2112 автокөлігін тоқтатты.

Тексеру кезінде ер адамның 2022 жылдың тамыз айында сот шешімімен өмір бойына көлік құралын басқару құқығынан айырылғаны анықталды. Сонымен қатар медициналық куәландыру қорытындысына сәйкес, жүргізуші орташа дәрежедегі алкогольдік мас күйде болған. Автокөлік арнайы тұраққа қойылып, жүргізуші уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Осы факті бойынша ҚР ҚК-нің 346-бабының 1-бөлігімен (Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және мас күйіндегі адамның көлік құралын басқару) дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Аталған баптың санкциясы бес жылға дейін бас бостандығынан айыруды көздейді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру