Алматыда патрульдік полиция қызметкерлері ноутбук ұрлаған күдіктіні анықтады
Алматыда патрульдік полиция қызметкерлері ноутбук ұрлаған күдіктіні анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
21 жастағы жігіт сағат 15:00 шамасында Назарбаев пен Төле би даңғылдарының қиылысында қызметін атқарып тұрған мамандандырылған патрульдік полиция батальонының қызметкерлеріне көмек сұрап жүгінген.
– Арызданушының айтуынша, осыдан біраз уақыт бұрын тіс емханасында оның ноутбук салынған сөмкесін ұрлап кеткен. Бастапқы мәліметтерді алған патрульдік қызметкерлер оқиға орнына іргелес аумақты аралай бастады. Күдікті «ізін суытпай» ұсталды: ұрланған ноутбук өзінде болды. Мәселе жедел-іздестіру әрекеттерін жүргізу үшін Алмалы аудандық ПБ-ға қарасты полиция бөліміне жеткізілген 34 жастағы К.есімді азамат жайында болып отыр. Естеріңізге сала кетейік, 20-30 қараша аралығында қалада «Құқықтық тәртіп» жалпыреспубликалық жедел алдын алу іс-шарасы өтіп жатыр. Оның мақсаты – құқық бұзушылыққа мүлдем төзбеушілік қағидатын күшейту, көшелерде және басқа да қоғамдық орындарда тиісті қоғамдық тәртіпті сақтау, сондай-ақ жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету, – деді Алматы қалалық ПД ЖПҚБ мамандандырылған батальонының командирі Жәнібек Өскембаев.
ҚР ҚК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді. ҚР Конституциясының 77-бабы 3-бөлімі 1-тармағы, ҚР ҚК-нің 19-бабы 1-тармағына сай кез келген азамат сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін кінәсіз деп саналады.