Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жамбыл облысының полицейлері масаң күйде көлік тізгіндеген жүргізушіні қолға түсірді

Жамбыл облысының полицейлері масаң күйде көлік тізгіндеген жүргізушіні қолға түсірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Осы жылдың 23 қарашасында «Құқықтық тәртіп» жедел алдын алу іс-шарасын барысында Батыс Еуропа – Батыс Қытай тас жолының 445 шақырымында полиция қызметкерлері жол ережесін бұзған Mercedes-Benz көлігін  тоқтатқан.

Жүргізушінің құжаттарын тексеру барысында оның өзін ұстауынан алкогольдi iшiмдiк iшкенi байқалды. Медициналық сараптаманың қорытындысына сәйкес жеңіл дәрежедегі масаң күйде болғаны расталды.

Аталған дерекке қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабының 1-бөлігімен (Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік масаң күйде басқаруы) жауапкершілікке тартылып, сот шешімімен 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды және жеті жыл мерзімге көлік құралын жүргізу құқығынан айырылды. Көлік құралы арнайы айыптұраққа қойылды. 

Жалпы «Құқықтық тәртіп» жедел алдын алу іс-шарасы басталғалы автокөліктi масаң күйінде басқарған 26 жүргізуші әкiмшiлiк жауапкершілікке тартылды. 

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру