Шымкентте бала күтуші жұмыс берушінің алтын бұйымын ұрлап кеткен
Шымкентте бала күтуші жұмыс берушінің алтын бұйымын ұрлап кеткен, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Шымкенттік отбасылардың бірінде күтуші болып жұмыс істейтін 20 жастағы қыз алтын бұйымдарды ұрлап кеткен: 2 сақина мен сырға. Залал сомасы 300 мың теңгені құрады.
Ол ұрланған алтынды ломбардқа тапсырып, түскен ақшаны жеке қажеттіліктеріне жұмсаған.
Сот қызды қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп таныды.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша оған тұрғылықты жері бойынша пробациялық бақылау белгілей отырып, 1 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындады.
– Қазіргі уақытта сотталған Абай ауданының пробация қызметінің есебінде тұр, оған құқықтары мен міндеттері түсіндірілді. Сотталған келтірілген залалды толық өтеді, – дейді Абай ауданының ПҚ инспекторы Талант Смағамбетов.