Жетісудың бас полицейі еріктілерді төл мерекелерімен құттықтады
Жетісудың бас полицейі еріктілерді төл мерекелерімен құттықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Халықаралық еріктілер күні қарсаңында Жетісу полициясының басшысы Арман Саданов сақшыларға белсенді көмек көрсететін еріктілер ұйымдарының басшыларын құттықтады.
Жетісу еріктілері күн сайын полицейлермен бірлесіп рейдтік іс-шараларға белсенді қатысады. Сонымен қатар олар қоғамдық тәртіпті сақтауға, жоғалған адамдарды іздеуге, сондай-ақ құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша өткізілетін іс-шараларға өз үлестерін қосып жүр.
Халықаралық еріктілер күні миллиондаған адамдарды біріктіреді, олар жақсы істерді жүректің қалауымен атқарып, жақындарына риясыз көмек көрсетеді. Мемлекет басшысы қоғамда шынайы патриотизмді қалыптастыруда ерікті қызметтің идеялары мен тәжірибелерінің белсенді таралуын, сондай-ақ мемлекет пен қоғамның сенімді әріптестігінің маңыздылығын түсіне отырып, 2020 жылды еріктілер жылы деп жариялады. Дәл осы қадам дамудың жаңа, одан да кең көкжиектерін ашуға мүмкіндік беретін кең ауқымды жұмысты бастады.
– Ерікті болу – ең алдымен өз елінің патриоты болу. Бұл адамгершілік құндылықтарды бәрінен жоғары қоятындардың өмір салты. Сіздің жанқиярлығыңыз бен кез-келген бұзушылыққа бей-жай қарамау артықшылығыныз полиция қызметкерлеріне құқық бұзушылықтарды алдын алуға, ауылдар, аудандар, қалалар, облыс және жалпы ел тұрғындарының тыныштығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бірнеше рет өз септігін тигізді, – деп атап өтті Жетісу полициясының басшысы Арман Саданов.
Облыс орталығында «Біз бірге күштіміз!» ұранымен өткізілген іс-шарада бас полицей Жетісуда қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге белсенді қатысқаны үшін бірқатар еріктілерді алғыс хаттармен марапаттады. Сонымен қатар, полицияға көмек көрсететін студенттік жасақтарға жеке алғыс хабарламасын жазды.
– Белсенді азаматтық ұстанымдарыңыз бен бір орында тұрып калмағандарыңыз үшін алғыс айтамыз және үлгі болып өз бастамаларыңыз бен облыс тұрғындарын өңірдегі тәртіпті сақтауға шабыттандырасыздар. Сіздердің күнделікті жұмыстарыңыз ең жоғары бағалауға және көпшіліктің мойындауына лайық. Сіздерге өзара түсіністік пен ынтымақтастыққа адал қарым-қатынас үшін ризашылығымды білдіремін және ортақ күш-жігермен қоғамдық тәртіп пен заңдылықты жетілдіруде үлкен жеңістер мен табыстарға қол жеткіземіз деп шын жүректен үміттенемін, – деп түйіндеді А. Саданов.