«Жолға ақша бере тұршы»: астаналық азаматты танысу сайтында алдап кеткен
Астаналық азамат сайтта танысқан қыздың жолына ақша жіберіп, алданып қалды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Байқоңыр ауданының полицейлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Степногорск қаласының 49 жастағы тұрғынын анықтады, ол интернет-ресурс арқылы Астанада ер адамдарды алдаған.
Белгілі болғандай, полицияға 37 жастағы жергілікті тұрғын алаяқтық туралы арызбен жүгінген. Жәбірленуші қызбен интернет желісі арқылы танысқанын айтқан. Жарияланған әдемі қыздың суреттері оған ұнап, ол шынайы өмірде танысуды жалғастыруға бел буып, оны Астанаға шақырған. Кездесу туралы келісіп, жаңа танысы одан жолға ақша сұраған. Оған 28 мың теңге аударған ер адаммен кездесуге виртуалды таныс келмей және байланысқа шығуды тоқтатқан. Тергеу барысында Степногорск тұрғыны астананың 13 тұрғынын осындай жолмен алдағаны анықталды.
Күдікті мойындау айғақтарын берді, елорда аумағында бұрын жасалған осындай қылмыстарға қатысы бар-жоғын тексеру жүргізіліп жатыр.
ҚР ҚК-нің 190-бабы 2-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.