Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодарлық полицейлер аязды күнде қалып қалған тұрғындарды үйлеріне жеткізді

Павлодарлық полицейлер аязды күнде қалып қалған тұрғындарды үйлеріне жеткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бұл күндері Павлодар облысында термометр бағанасы минус 30 градусты көрсетті. Полиция қызметкерлері патрульдеу кезінде аккумуляторлары отырған немесе баратын жеріне жету кезінде басқа да ақаулары пайда болған жүргізушілерге көмек көрсетті. Қызметкерлер азаматтарға мүмкіндігінше және басқа да техникалық ақауларды жою бойынша көмектесуге тырысып жатыр. Егер олар жергілікті жерде көмек көрсете алмаса, техниканы сүйретіп жақын маңдағы техникалық қызмет көрсету станциясына жеткізеді.

– Аялдамаларда тоңып қалған немесе жол бойымен келе жатқан қала тұрғындарына үйлеріне кешкі уақытта жетуге көмектеседі. Мысалы қала мектептерінің бірінің 10-сынып оқушысының телефоны сөніп қалған, сонымен қатар ол автобус аялдамасында ұзақ күтіп қалды, себебі автобустар болмаған. Өтіп бара жатқан полиция қызметкерлері оны байқап, кейін тұрғылықты жеріне жеткізді. Тәртіп сақшыларынан мұндайды күтпеген қыз, полицейлерге алғысын айтты. Мұндай аязда адамдарға көмек қажет болатын жағдайлар өте көп. Павлодар қаласы полиция басқармасының жеке құрамы қиын жағдайға тап болған азаматтарға көмек көрсетуге бағытталған. Жалпы, облыс орталығының полицейлері барлық жүргізушілерді адамгершілік танытуға және мүмкіндігінше адамдарды тұрғылықты жерлеріне дейін жеткізіп салуға шақырады, – деді Павлодар қаласы ПБ бастығының бірінші орынбасары Арман Қаптаев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру