Елордалық колонияға телефон өткізбек болған сотталғанның ісі әшкере болды
Елордалық колонияға телефон өткізбек болған сотталғанның ісі әшкере болды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жедел ақпаратты іске асыру барысында сотталған Д. есімді азаматты тексеру кезінде сотталғанның белбеуінен Beeline және Activ нөмірлері бар телефон табылды.
Телефонды алып өтуге тырысқан сотталған азаматқа қатысты тәртіптік сипаттағы шаралар қолданылатын болады.
Мекеме қызметкерлерінің қырағылығының арқасында жыл басынан бері мекемеге өткізілмек болған 15 телефон табылып, тәркіленді.