Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Астаналық тұрғын гардеробтан өзгенің күртесін ұрлап кеткен

Астаналық тұрғын гардеробтан өзгенің күртесін ұрлап кеткен, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Сарыарқа аудандық полиция басқармасына әйел азаматша караокеде отырғанда сырт киімсіз қалғанын айтып арызданған. Жедел-іздестіру барысында тәртіп сақшылар еркін кіру арқылы белгісіз азамат шешінетін бөлмеден жасырын түрде қара күртеше мен күзен қалпағын ұрлап, жалпы сомасы 135 мың теңге залал келтіргені белгілі болған.

Анықталғандай камералардың көмегімен елордалық полицейлер киім ұрлаушының кім екенін анықтаған. Жазбада шкафтың қасына барып, оны ешкім бақылап тұрмағанын пайдаланып, күрте мен күзен қалпағын алған қызды түсіріп алған. Ол жан-жағына мұқият қарап жымқырған олжасын орап алып, бөлмеден шығып кеткен. Белгілі болғандай, ұрлық қылмысына күдікті 28 жастағы Астана тұрғыны болып шыққан.

Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы (Ұрлық) бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру