Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағандыда еліміз бойынша тұңғыш рет полицейлерге коворкинг орталығы ашылды

Қарағандыда еліміз бойынша тұңғыш рет полицейлерге коворкинг орталығы ашылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Аталған игілікті іс-шараға Қазақстан Республикасы ішкі істер министрінің орынбасары Сәкен Сарсенов қатысты.

– Баршаңызды коворкинг орталығының ашылуымен құттықтаймын. Бұл маңызды шара Қазақстанда тұңғыш рет осы Қарағанды облысында ашылып отыр. Былтырғы жылы, полиция департаментінің бастығы Санжар Әділовтің студенттермен бірлесіп жұмыс жасауының арқасында 16 студент полицияға жұмысқа тұрды. Алдағы уақытта осындай коворкинг орталықтарының арқасында ішкі істер министрлігіне жұмысқа келіп, қылмыспен күресуге ат салысады деген сенімімді білдіремін, – деді министрдің орынбасары.

Коворкинг орталығының басты мақсаты – облыс орталығында орналасқан университеттердің үздік студенттерін іріктеп, оқу кезеңінен бастап, ішкі істер министрлігінің көпфункционалды жүйесіндегі жұмысымен таныстырып, оқуын тәмамдап, қолына диплом алған соң ішкі істер органдарына қызметке алу.

– Өздеріңізге белгілі, былтырғы жылы біздің заң факультетінің студенттері қолдарына диплом алғанда ішкі істер органдарына қызметке тұруға сертификатта қоса берілді. Бұл өте маңызды. Өйткені оқу бітірген студенттерімізді біз толық жұмыспен қамтамасыз етіп отырмыз, – деді Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің ректоры Нұрлан Дулатбеков.

Министрдің орынбасары мен университет ректорының құттықтау сөзінен кейін, полицияның коворкинг орталығының ашылуына мұрындық болған облыстық полиция департаменті бастығы мен басқада жауапты мамандарға алғыс хаттар табысталып, орталықтың ашылу лентасы қиылды.

Ішкі істер органдарында сыңдарлы жылдар бойы еңбек етіп жүрген білікті қызметкерлер орталықта студенттердің кәсіби және жеке біліктілігін арттырып, оларды полицияның жұмысына баулыйды. Орталықта оқиға орынына шығып, қылмыстың ашылуына бірден бір септігін тигізетін криминалист мамандарының жұмысын жете түсініп, оны теориямен приактикада ұштастыру мақсатында криминалистикалық палигон кабинеті де ашылған.

Әлімсақтан, жас студенттерді жаңа мүмкіндіктер мен заманауи технологияларды енгізуге баулу, қоғамдық қауіпсіздікті сақтап, қылмыстың алдын алу мақсатында ішкі істер органдарына қызметке алу үшін есігін айқара ашқан орталықтың ашылу соңында, полиция департаментінің бастығы Санжар Әділов университет ректорымен меморандумға қол қойып, орталыққа криминалисттердің қызметінде қолданатын қобдишасы тарту етілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру