Елордалық полиция қызметкерлері қарағандылық пәтер ұрысын ұстады
Елордалық полиция қызметкерлері қарағандылық пәтер ұрысын ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жедел-іздестіру іс шаралары барысында Сарыарқа ауданы криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері Қарағанды қаласының тұрғынын күдікті ретінде қолға түсірді.
Жәбірленушінің айтуынша, оқиға орын алған күні олар отбасымен қонақта болған. Найзақара көшесінің бойында орналасқан үйге ұры терезенің жақтауын майыстыру арқылы кіріп, үйде ешкім жоқ екенін біліп, емін еркін жүрген. Адам жоқтығын пайдаланған ол Huawei маркалы ноутбук, тері тон, карточка және зергерлік бұйымдарды алып үйден шығып кеткені белгілі болған.
Сондай-ақ 25 желтоқсан күні де зейнет жастағы қала тұрғыны арызданып, оның үйіне белгісіз біреу кіріп барсетканы ұрлап кеткендігін де айтқан. Осылайша 15 мың теңгенің көлемінде шығын келтірген.
Сонан соң көрші үйге ұрлыққа түспекші болып, аулаға кіріп келе жатқанда алдынан үй иесі шығып қалады. Ұры қолын көтеріп “кешіріңіз”деп қайта шығып кеткен. Сөйтіп қаныжығасына түскен заттарды өзімен бірге Қарағандыға алып кетпекші болып жүрген.
Қазіргі уақытта аталмыш факт бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 188-бабы 3-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.