Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Астаналық тұрғынның үйінен алтын бұйымдар ұрлаған күдікті анықталды

Астаналық тұрғынның үйінен алтын бұйымдар ұрлаған күдікті анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Елорда тұрғыны Сарыарқа аудандық ПБ арызданған. Оның айтуынша Бұланты көшесінде орналасқан үйінен алтын бұйымдар қолды болған. Криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру шаралары барысында 42 жастағы  Павлодар қаласының тұрғынын ұстаған. 

Белгілі болғаны ол қонаққа келген кезде жатын бөлмеден үй иесінің алтын бұйымдарын байқап, кетер кезде жымқырып алып кеткен. Келтірілген шығын 150 мың теңгені құраған. Анықталғандай оның бұрын да қылмыстық жауапкершілікке тартылғандығы белгілі болған.

Аталмыш факті бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 188-бабы 3-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр. Оның бұрын жасалған қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде. 

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру