Ақтөбелік полицейлер есірткіні насихаттаумен және жарнамалаумен айналысқан күдіктіні қолға түсірді
Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері есірткіні насихаттаумен және жарнамалаумен айналысқан ақтөбелікті ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жас жігіт есірткіні интернет арқылы таратуға жұмысқа шақырған жарнамалық парақшаларды көшелерге жапсыру кезінде ұсталды. Ұсталған 21 жастағы жігіттің айтуынша, ол Телеграм қосымшасында хабарландыру тапқан. Онда 18 мың теңгеге немесе 1 грамм синтетикалық есірткіге 100 дана парақша жапсыру ұсынылған. Жас жігіттің өзімен бірге 94 парақшасы болған, оны таратуға үлгермеген.
Осы факті бойынша ҚР ҚК 299-1-бабы 1-бөлігі (Есірткі, психотроптық заттарды немесе олардың аналогтарын насихаттау немесе заңсыз жарнамалау) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.