Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Астаналық полицейлер көпірден секірмек болған тұрғынды құтқарып қалды

Астаналық полицейлер көпірден секірмек болған тұрғынды құтқарып қалды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Сағат 07:30 шамасында “102” пультіне белгісіз азаматшаның Бейсекова көшесінің бойындағы көпірден секіріп кеткісі келетіні туралы хабарлама түскен.

Оқиға орнына патрульдік полиция жасағы екі минуттың ішінде жеткен. Қарлы боран мен нашар көріну салдарынан қызметкерлер көпірдегі адамды бірден анықтай алмаған. Периметрді патрульдеу кезінде олар оның көпір қоршауының артында тұрғанын көрген. Тәртіп сақшыларының бірі ашуға булығып, жылап тұрған жас әйелмен диалогқа түскен. Сол әңгімелесу кезінде оның серіктесі қоршаудан асып түсіп, оны байқатпай аса шапшаңдықпен ұстап үлгерген. Сөйтіп екеуі бірігіп жас әйелді темір тордың үстінен қауіпсіз жерге сүйреп шығарған.

Мән-жайды анықтау үшін аталған тұрғынның Сарыарқа аудандық полиция басқармасына жеткізілді. Қазіргі уақытта 36 жастағы астаналық әйелді мұндай келеңсіз әрекетке не итермелегені анықталып жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру