Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағандыда зейнеткердің 3,5 млн теңгесін жымқырған күдікті ұсталды

Қарағандыда зейнеткердің 3,5 млн теңгесін жымқырған күдікті ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қарағанды қалалық полиция басқармасына қарасты Киров полиция бөліміне 72 жастағы зейнеткер арызданды. Белгілі болғандай, белгісіз біреу оның есеп шотынан 3,5 миллион теңгесін жымқырған.

Тергеу әрекеттері барысында полиция қызметкерлері зейнеткердің банк картасын 48 жастағы азаматшаның пайдаланатынын анықтады. Ол азаматша үш жыл көлемінде жәбірленуші зейнеткердің асын дайындап, үйін жинап, дүкеннен азық-түлігін әкеліп отырған. Сол уақытта азаматша зейнеткердің банк картасынан жасырын түрде ақша шешіп отырған. Зейнеткер өзіне банк картасы қажет болғанда картаның көмекшіде болғанын анықтаған. Сол кезде жәбірленуші азамат күдіктінің 3,5 млн теңгені қолды қылғанын сезген.

Тәртіп сақшылары күдіктіні ұстады. Ол зейнеткердің сеніміне кіріп, ақшаны қолды қылғаны туралы мойындау көрсетпе белгілерін берді.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы ҚК-нің 188-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалып, тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру