Ақтөбеде жеті кәсіпкерді сан соқтырған күдікті ұсталды
Ақтөбеде жеті кәсіпкерді сан соқтырған күдікті ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ұсталған адам өзінің таныстарының арасынан төмен пайыздық мөлшерлемемен несие алғысы келетіндерді іздеген. Ол кәсіпкерлікті қолдау қоры арқылы 5 млн теңгеге несие ресімдеуге көмек ұсынып және қызметі үшін жәбірленушілерден бір миллион теңгеден алған. Салдарынан, жәбірленушілер ақшасыз және несиесіз қалды.
Бүгінгі таңда 7 жәбірленуші анықталды. Жалпы шығын 7 млн теңгені құрайды. Күдікті ақшаны өз қажеттіліктеріне жұмсаған. Алаяқтық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.